«Бұл қолдау көрсетілетін төрт негізгі бағыт: денсаулық сақтау, білім беру, спорт және мәдениет, сондай-ақ төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккендерге көрсетілетін көмек. Бұл ретте Қор міндеттері - мемлекеттік органдардың негізгі функцияларын қайталамау екенін тағы да атап өту маңызды. Егер құрылымына келсек, Қор атқарушы орган – Жәмішев мырза басқаратын басқармадан, сондай-ақ бақылаушы органнан, яғни қамқоршылық кеңестен тұрады. Бұл құрылымның әрқайсысының өз функциялары бар. Тікелей көмек көрсету туралы шешімді Қор басқармасы қабылдайды, ал қамқоршылық кеңес қызметтің стратегиялық бағытын бекітеді. Қамқоршылық кеңестің құрамы кеңестің әрбір мүшесінің кәсіби біліктілігі мен дағдылары Қор жобалары бойынша негізделген шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретіндей етіп қалыптастырылды. Өздеріңіз білетіндей, Қамқоршылық кеңес қоғамдық бастамаларда жұмыс істейді», - деді белгілі кардиохирург.