«Жалпы, өтінімдердің барлығы күн сайын мұқият қаралады. Жергілікті атқарушы органдармен жұмыс жолға қойылды, олар 5 наурызға дейін жергілікті жерлерде де қандай отбасыларға көмек керек екендігі туралы өз ұсыныстарын беруі тиіс. Өтініштердің барлығын қарастырып, қорытындысын айтамыз», - деді спикер.  


Сонымен қатар Ләззат Чинкисбаева қазақстандықтарды үйде интернет болса, ешқайда бармай-ақ смартфон немесе компьютер арқылы «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының сайтында өз өтінімін бере алатынын атап өтті. Бұл ретте ол дұрыс толтырылмаған өтінімдерді қарауға уақыт көп жұмсалатынын айтып, мұқият болып, жалпы жағдай туралы егжей-тегжейлі жазуға шақырды.