ҚР БП 1-қызметі бастығының орынбасарының айтуынша, үй-жайларды күн сайын прокурорлар ғана емес, құқық қорғау ұйымдары да тексереді. Елдос Қилымжанов бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингінде мәлімдеді.  


«Адам құқықтары жөніндегі уәкіл үйлестіру кеңесінің мүшелерімен және ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларымен бірлесіп барлық өңірлерде тергеу изоляторларында, УҰИ және арнайы қабылдау орындарында 118 кезедсуді жүзеге асырды. Ұстау жағдайларына, соның ішінде санитарлық нормаларға, тамақтануға, дәрі-дәрмекпен жабдықтауға және басқаларға ерекше назар аударылды. Бұдан басқа, прокуратура органдары бұрын таңдалған бұлтартпау шараларын қайта қарау бойынша жұмыс жүргізуде. Жеке басын, денсаулық жағдайын және тергеуге көрсетілген көмекті ескере отырып, 199 күдіктіге қамауда ұстау бұлтартпау шарасы  ешқайда кетпеу туралы қолхатқа, кепілге, үйқамаққа алуға және жеке кепілгерлікке ауыстырылды», - деп түйіндеді спикер.  


Сондай-ақ, ол атап өткендей, қаңтар оқиғаларының себептері мен жаңа мән-жайлардың анықталуына қарай, олар дер кезінде жұртшылық назарына жеткізілетін болады. Сондай-ақ, ол ресми дереккөздеге сенуді және жалған мәліметтер таратпауға шақырды.