«Тек өткен апта ішінде мүлікті және қаруды ұрлау фактілері бойынша 7 күдікті ұсталып, соттың санкциясынан қамаққа алынды. Мысалы, Алматы қаласында болған жаппай тәртіпсіздіктер барысында 5 адамнан құрылған топ полиция қызметкерлерінің арнайы құралдарын және қаланың 4 дүкенінен әртүрлі тауарларды жымқырған. Жедел іс-шараларын өткізу барысында полиция қызметкерлері күдіктілердің біреуі тұратын мекенжай бойынша полицейлердің қалқандары, 2 электр самокат, 2 теледидар, 3 ноутбук, компьютер техникасы мен жаңа брендті киім-кешек алынды. Одан басқа күдіктілерден сатуға дайындалып қойылған «пироллидин» есірткі заты салынған 76 орам табылып алынды. Осы эпизодтың барлық қатысушылары анықталды және соттың санкциясынан күзетпен ұстауға алынды. Тағы бір мысал, 6 қаңтарда Алматы қаласында Түркістан облысының 2 тумасы банкоматты бұзып алып, 1 млн теңгеден артық ақшалай қаражат ұрлаған. Бейнежазбалар мен тергеу әрекеттері күдіктілердің кінәсін дәлелдейді. Ағымдағы жылғы 8 қаңтарда Түркістан облысында бұрын ұрлық және тонау үшін сотталған 2 жергілікті тұрғын ұсталды, олар ағымдағы жылғы 5 қаңтарда Алматы қаласында жаппай тәртіпсіздіктер барысында «Техно дом» сауда үйінен 5 «Canon» фотоаппаратын, «Acer» ноутбугін, 3 «Iphone 12» және «Самсунг» ұялы телефонын, ер адамдарға арналған заттарды және Алматы қаласында Төле би көшесіндегі «Зергерлік бұйым» дүкенінен 11 зергерлік әшекей атауын ашық түрде ұрлаған. Күдіктілер күзетпен ұстауға алынды», - деді спикер.