«Жалпы Академияға үміткерлерді іріктеу 27 шілде мен 10 тамыз аралығында жүргізіледі. 12 тамызда қабылдау комиссиясының отырысы және алдын ала қабылдау өткізіледі. Ресми қабылдау 26 тамызға белгіленген. Академия қабылдау компаниясын өткізу кезінде ашықтық, парасаттылық және клиентке бағдарлану қағидаттарының сақталуын қамтамасыз етеді. Академияда магистранттар мен докторанттарды оқытудың құзыреттілік моделі іске асырылып жатқанын атап өткім келеді, ол білім алушыларға құзыреттілік профилін қалыптастыруды және жеке оқу траекториясын құруды қамтамасыз етеді», - деп атап өтті ректор.