Вице-министрдің айтуынша, еліміздегі жерүсті ағынды сулардың жартысына жуығы сырт елдерден келеді.  


«Кейбір мәселелер бойынша біздің тәуелділігіміз өте үлкен, мысалы Арал-Сырдария бассейнінде 93% су сырт елдерден келетін суларға тәуелдіміз, Жайық-Каспий - 80% шамасында, Шу-Талас - 74%, Балқаш-Алакөл - 48%. Бұдан бөлек, ішкі мәселелер де бар. Сондытан суды таратуда, оны тұтынушыға жеткізуде әр жерлерде 40-60% дейін су ысырапқа кетеді. Сонымен қатар, суды ысыраппен пайдалану мәселесі де бар. Ел экономикасы жалпы ішкі өнімнің бір долларына Ресей немесе АҚШ-қа қарағанда үш есе, Австралияға қарағанда алты есе көп суды қажет етеді. Экономика салаларында халықтың су ресурстарын пайдалануының ағымдағы жағдайы сақталатын болса, 2030 жылға қарай су тапшылығына байланысты әлеуметтік-экономикалық даму қарқынының төмендеу қаупі бар», - деді спикер.