Оның айтуынша, қазіргі кездегі қиындықтар мен проблемаларға байланысты қауіптер де бар. 

«Ең алдымен климаттың өзгеруіне байланысты су ресурстарының қысқаруы; трансшекаралық өзендер арқылы келетін судың көршілес елдердің саясатына тәуелділігі; суды ұтымсыз және тиімсіз пайдалану; Су ресурстары комитетінің және оның бассейндік инспекцияларының штат санының төмендігі; Халық пен қоршаған ортаның өмір сүру жағдайларын сақтау, жақсарту үшін су пайдаланудың экологиялық қауіпсіз және экономикалық оңтайлы деңгейінің төмендетілуі; су шаруашылығы инфрақұрылымы объектілерінің пайдалану мерзімінің ұзақ болуы және негізгі бөлігінің қанағаттанарлықсыз жай-күйі салдарынан гидротехникалық құрылыстардағы авариялар деңгейінің болуы; су ресурстарын басқаруды ғылыми қамтамасыз етудің әлсіздігі және білікті кадрлардың жетіспеуі сезіледі. Су шаруашылығындағы жағдайды жақсарту бойынша тиісті шаралар қабылдануда. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының су ресурстарын басқару жүйесін одан әрі дамыту тұжырымдамасының жобасы әзірленді. Тұжырымдаманың негізгі мақсаты су ресурстарының болжамды тапшылығы жағдайында халықтың, қоршаған ортаның және экономика секторларының суға өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыру, су ресурстары мен суға сұранысты тиімді басқаруды қамтамасыз ету үшін жағдай жасау болып табылады.  «Ресурсты басқарумен» қатар «сұранысты басқару» деген жаңашылдық енгізіліп, яғни суға деген қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін суды аз пайдалануды көздейді», - деді вице-министр.