«Су үнемдеу технологиясын енгізсе, оның 50% АШМ арқылы субсидия беріледі. Мысалы, 1 га жерге рташа есеппен тамшылы суару бар, жаңбырлатып суару бар, соларды енгізу үшін 1,6 млн теңге ақша жұмсалуы керек. Соның 800 мыңына үкімет субсидия береді. Ол үшін алдын ала жасап, мемлекеттік акті тапсыру керек. Алайда, шаруалардың көбінде ақша болмағандықтан, қазіргі кезде басқа да жолдар қарастырылып жатыр, оның ішінде технологияларды арзандату, шланг өндіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бірақ қолда бар техниканы, суару технологиясын сақтау керек», - деді вице-министр.