Бұл туралы Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында ҚР Бас Прокуроры Берік Асылов мәлімдеді. 


«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, тергеудің заңсыз тәсілдерін қолдану фактілері бойынша 234 істі жүргізуде. Ұлттық қауіпсіздік комитеті: – мемлекетке опасыздық жасау, – билікті басып алуға әрекет ету және – аса ірі мөлшерде пара алу бойынша 15 істі тергеуде. Бұл істер бойынша, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Масимов, және оның 3 орынбасары, сот санкциясымен қамауға алынды. Осы, органның тағы 2 басшысы, билікті асыра пайдалану күдігімен, қылмыстық жауаптылыққа тартылуда. 
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің істеріне, «өте құпия» деген белгі берілді», - деді Асылов тергеу мәліметтері егжей-тегжейлі жария етілмейтінін түсіндіре отырып.