Барлық органдар бойынша тұтқындалғандардың жалпы саны 766 күдіктіні құрады.  


Негізгі бөлігі - 30 жасқа дейінгі жастар, жоғары білімі жоқ жұмыссыздар.  

«Олардың ішінде деструктивті діни ағымдардың 19 жақтаушысы, тыйым салынған экстремистік ұйымдардың 27 белсендісі, ұйымдасқан қылмыстық топтардың 24 мүшесі және 113 адам кісі өлтіру, ұрлық, тонаушылық және қарақшылық жасағаны үшін бұрын сотталған. Мысалы, «Дикий Арман» деп аталатын Жұмагелдиев пен оның тобының 14 мүшесі қамауда. Мұндай адамдардың жоғалтатын ештеңесі болмады және олар түрлі қылмыстарға оңай барды - дүкендерді талқандады, тонаумен айналысты, әкімшілік ғимараттарға шабуыл жасады», - деп атап өтті спикер.  


Барлығы 22 мыңнан астам адамның жасалған қылмыстарға қатыстылығы тексерілді.