«Уақытша ұстау изоляторларында адамдардың қаза болғаны туралы 9 аса резонансты жағдайды арнайы прокурорлар тергеуде. Аталған істер аясында 9 лауазымды тұлға, оның ішінде 8 ҰҚКД қызметкері және бір полиция қызметкері ұсталды. Олардың барлығы сот санкциясымен қамауға алынды. Оның қатарында Алматы облысы полиция департаментінің ғимаратында үтік қолданып азаптауға күдікті полицей бар. Алматы қаласында ҰҚКД-ның алты қызметкері «Дикий Арман» қылмыстық тобы ұрлап кеткен 24 азаматқа қатысты азаптаулар қолданды деген күдікке ілінді. Нәтижесінде барлық жәбірленушілер дене жарақатын алып, бір адам қайтыс болды. Алматы облысы ҰҚКД - ның тағы екі қызметкері бұрын уақытша ұстау изоляторында қайтыс болған ұсталған адамды ұрып-соққан деп күдіктелуде», - деп баяндады қадағалау органының басшысы.