«Бүгінгі таңда әкімшілік ғимараттардың шабуылына тойтарыс беру кезінде және құқықтық тәртіп орнату барысында 86 шабуылдаушы жойылғаны анықталды. 53 адам бойынша өлімнің мән-жайы анықталуда. Олар қала аумағында әртүрлі жарақаттармен, соның ішінде 48 – атыс, 2 – пышақ, 3-басқа жарақаттармен және күйіктермен табылды. Басқа 7 өңірде 63 шабуылдаушы әкімдік, полиция және ҰҚК департаменті ғимараттарын қорғау кезінде құқықтық тәртіп күштерімен жойылды. Бүгінгі таңда атысқа кездейсоқ тап болған 20 азаматтың қайтыс болғаны нақты белгілі. Оның 11-і Алматы қаласында, 8-і Алматы облысында және біреуі Тараз қаласында. Олардың ішінде айқас оқ астына түскендер, бүлікшілердің қолынан қаза тапқандар, сондай-ақ блок-бекеттердегі әскери талаптарға бағынбағандар да бар», - деп атап өтті Берік Асылов.