«Республика бойынша арнайы «Қару» операциясы жалғасуда. Оның барысында 1215 қару және 22 мың оқ-дәрі қайтарылды. Сонымен қатар азаматтар ерікті түрде 120 қару тапсырды. Осы жиынды пайдалана отырып, ҚР азаматтарына заңсыз қару, оқ-дәрілер, жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған адамдар әкімшілік те, қылмыстық та жауапқа тартылмайтынына кепіл беремін. Бұл заңмен көзделген. Сондықтан табылған қару-жарақты полицияға тапсыруға шақырамыз», - деді ведомство басшысы.  


М.Ахметжанов елімізде құқықтық тәртіпті және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шаралар қабылданып жатқанын атап өтті.