«Өкінішке орай, қолданыстағы төтенше жағдай туралы заңда ақпараттық және әлеуметтік қызмет жұмысының нақты сценарийі қарастырылмаған. Қаңтар айындағы оқиғаларға байланысты бізге азаматтардан ұсталған туыстарын ұстау орнын белгілеу туралы өтініштер келіп түсті. Мемлекет кепілдік берген заң көмегін беру тетігін, әсіресе қылмыстық сот төрелігі шеңберіне алғаш кірген адамдар үшін қайта қарау қажеттілігі туралы біз бұрыннан айтып келеміз. Бұл сұрақ бойынша біраз өтініш келіп түсті. Менің атыма келіп түскен азаматтардың 137 өтінішінің 86-сы ұсталғандардың қатыгездігіне қатысты. Ресми статистикаға сүйенсек, 2022 жылғы 13 наурыздағы жағдай бойынша азаптаулар және өкілеттіктерін асыра пайдалану фактілері бойынша 243 қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта біз құқық қорғау органдарымен азаптаулар үшін жауапкершілікті қатаңдату және оларға жол бермеу тетіктерін енгізу туралы мәселені талқылаудамыз», - деді Әзімова.  

 
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің айтуынша, заң бойынша азаптауды, зорлық-зомбылықты, қорқытуды, алдауды, сол сияқты өзге де заңсыз қатыгез қарым-қатынасты әрекеттерін қолдана отырып алынған дәлелдемелер жарамсыз деп танылады. Осыған байланысты ұстау мен тергеудің рұқсат етілмеген әдістері туралы істерді тергеуді кешіктірмеу өте маңызды.