«Үш жаңа аймақтың ашылуы. Бұл 25 жылдан бері айтылып келе жатқан әңгімелер. Бұл сол аймақта тұрып жатқан халықтың еңсесін көтеріп, өмірге деген құштарлығын, өзінің болашағына деген жауапкершілік алуға итермелейін қадамдар. Оны осы тұрғыдан қарауымыз керек. Осы  саяси реформалардың барлығы бір ғана нәрсеге бағытталған. Біздің елді осы кезге дейін талай жіктер пайда болған еді. Осы саяси реформалар елімізде қалыптасқан саяси бәсекелестік ережелерін қайта жасақтауға бағытталады. Партиялар туралы заңға өзгеріс, сайлау үдерістеріне өзгерістер енгізу, Конституциялық өзгерістер – осының барлығының мақсаты бір – саяси алаңды жаңарту, саяси алаңға жаңа ойыншылардың келуіне мүмкіндік беру, сол арқылы жаңа саяси диалогты бастау, саяси диалог үлкен саяси сенімге итермелеу керек, ал саяси сенім жаңа ойын ережесін қалыптастырып, жаңа саяси мәдениетке бәріміздің бағынуымызға итермелеуі тиіс», - деді халық қалаулысы. 


Ол бүгін осы реформаларды қалай және қандай кезекпен іске асыру мәселесін қарастыру керек екенін атап өтті.  

«Президент ең алдымен Конституцияға өзгеріс керек деді, 30-дан астам бапқа нақты өзгерістер енеді, содан кейін жаңадан құрылып жатқан құрылымдар туралы заңдар қабылдау керек болады. Қазақстанда ең үлкен мәселелердің бірі – әділеттілік мәселесі. Ал Конституциялық соттың қайта келуі, оның әділеттікті қамтамасыз ету жолындағы кешенді институтқа айналуы Қазақстандағы сот жүйесінің дамуына жақсы пәрмен береді. Себебі нақты бір топ азаматтар бірігіп, адам құқықтары жөніндегі уәкіл немесе прокуратура арқылы конституциялық сотқа жүгініп, өзінің ғана мәселесін емес, өзіне ұқсас дүниелерді, заңсыздықтарды іске асыру деген мүмкіндікке қол жеткізе алады. Сайып келгенде, Президенттің айтқан сөздері бір-бір заң сияқты, біз Жаңа Қазақстанға аяқ басып отырмыз. Қазір ел болып, жұмылып, осы реформаларды тез арада іске асыруымыз керек. Бұл жеке де, ұлттық та, мемлекеттік те мүддемізден туындайтын нәрсе деп ойлаймын», - деді спикер.