«Кезінде тұрақтылықтың соңынан қуамыз деп, тұрақтылықтың орнына тоқырауға, консервацияға ұшырадық. Сондықтан қазір, саяси процестер жаңа импульс алып, мүлдем өзгеруі керек деп ойлаймын. Кешегі айтылған реформа нақты бір саяси дәстүрге айналатын нәрсе. Президенттің туысқандары жоғары қызметте бола алмайды деген Тоқаев өзіне шектеу қойып жатыр, бұл болашақта үлкен дәстүрге айналуы мүмкін. Президент, мемлекеттік қызметкер болатын адам өзіне осындай шектеу қойып, адал қызмет етуі керек. Маслихатқа келсек, әкім екі кандидатурадан сайланатын боалды. Маслихаттың күші жоқ деп айтылды. Маслихаттың да жартысы мажоритарлық формамен, жартысы пропорционалды болып тағайындалса, онда халық ертең өзі тікелей таңдайды, сонда болашақта маслихатымыз біраз билікке ие болады. Бірталай өзгерістер бар. Бұл жаңа дәстүрлер қалыптастырып, жаңа бір саяси мәдениетке жасалатын үлкен қадам деп ойлаймын. Бұл бір күнде шешілетін саяси реформа емес, бұл ұзақ мерзімге бағытталған нәрсе», - деді спикер өз сөзінде.