«Бесінші орын да мен үшін нәтиже. Қолымнан келмеген жалғыз нәрсе ... биатлонда ату өте маңызды. Тағы бір қола медаль жеңіп алу мүмкіндігі болды, бірақ мен екі рет қалт жібержім. Биатлондағы жеке жарыста тигізе алмасаң, 1 минут шаңғы тебуің керек. Сондықтан екі қателігім үшін 2 минут қосылды. Бірден бесінші орынға түсіп кеттім. Шаңғы жарысында да жақсы мүмкіндік болды, бірақ қарсыластардың барлығы жеңіске жету үшін келеді. Бәсекелестерім лайықты болды. Мен бар күшімді салдым», - деді жеңімпаз.   


Ол сондай-ақ келесі маусымда Қазақстанды абыроймен қорғау үшін мамыр айында Әлем чемпионатына дайындықты бастайтынын хабарлады. Чемпион келесі Олимпиададағы жоспарларымен де бөлісті. Ол тағы да қатысады. Толыққанды төрт жылдық дайындықты бастамақ.