Өңірде Ұлыстың ұлы күні «Наурыз» мерекесі тойлау мақсатында – ҚР Президент әкімшілігі ұсынған «Наурыз мейрамын мерекелеу туралы» жобасын негізге ала отырып, Түркістан облысында өтетін Наурыз мерекесіне арналған іс-шаралар жоспары облыс әкімдігі тарапынан бекітілді. 

«Наурыз мейрамын мерекелеу туралы»  ұсыныс  негізінде  Наурыз мерекесіне арналған негізгі іс-шаралар 16-23 наурыз күндеріне жоспарланған. Мереке аясында «Наурыз - татулық мерекесі» деп аталып  аудан, қалаларда, ауылдарда, аулаларда, көшелерде, облыстық этномәдени бірлестіктерде, мәдениет және өнер мекемелерінде   татулыққа, бірлікке, ынтымаққа шақыратын «Қош келдің, әз Наурыз», «Төрлет, Наурыз төріме» іс-шаралары ұйымдастырылды. Сондай-ақ, «Наурыз - мейірімділік мерекесі» деп аталып аудан, қалаларда, ауылдарда, мекемелерде  жағдай төмен отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көмектер көрсету үшін қайырымдылық шаралары ұйымдастырылды. 
Бұл іс-шара 22 наурызға дейін жалғасады», - деді вице-министр. 


Сонымен қатар, «Наурыз - тазалық мерекесі» атты тазалык күні және сенбіліктер ұйымдастырылып, ағаштар отырғызылуда. Барлық мектептерде, мектептен тыс мекемелерде, мәдениет және өнер мекемелерінде балаларға арналған «Ұлыстың ұлы күні Наурыз» іс-шаралары ұйымдастырылып, жағдайы төмен отбасылардың балаларына, мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсетіледі.