«21 наурызда барлық аудан, қала орталықтарында, ауылдарда «Наурыз - бірлік  пен  татулықтың бастауы» мерекелік салтанатты іс-шаралар, театрландырылған қойылымдар, концерттер ұйымдастырылып, ағаш отырғызылып «Әр отбасыдан – бір ағаш» челленджі  ұйымдастырылады. 22 наурыз күні барлық аудан, қалаларда «Ұлттық мұра ғасырлар үні» қолөнер шеберлері мен ұлттық тағамдардың көрмесі  және ұлттық спорттық ойындар ұйымдастырылып «Наурыз» көже таратылады. 23 наурызда «Қайырымды ұлт» акциясы ұйымдастырылып, жағдайы төмен отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға  арналған қайырымдылық мерекелік концерттер, спектакльдер қойылады», - деді басқарма басшысы. 


Сонымен қатар, 19 наурыздан бастап, «Керуен» сарайында, «Конгресс холл» көпсалалы кешенінде елімізге белгілі эстрада әншілерінің қатысуымен мерекелік концерттер өтеді. 
Түркістан қаласындағы мерекелік іс-шаралар негізінен этноауылда, «Керуен» сарайының аумағында, саябақтарда өткізіледі.