Ажар Ғиният өз жауабын берді.   

«Бұл жекеменшік компания. Алдағы тағдыры қандай болатынын білмеймін. Денсаулық сақтау министрлігінің бұл зауытқа ешқандай қатысы жоқ. Бұл компаниямен шарттық міндеттемелерге келсек, біз оларды толығымен орындадық.  Бұл компаниямен қосымша шарттық міндеттемелер жоқ. Бізде вакциналардың қажетті көлемі бар, біз осы жылға сатып алдық. Қажет болған жағдайда, қосымша қарастырамыз. Бүгінде ондай қажеттілік жоқ», - деп жауап берді ведомство басшысы.   

 Министр сондай-ақ вакциналарды сатып алуға бөлінген қаржыға тоқталды. 2021 жылы – 88 млрд теңге. Оның ішінде 63 млрд теңге – «Спутник V», 5,9 млрд теңге - QazVac, 3,5 млрд теңге - CoronaVac, Sinofarm вакцинасына - 15 млрд теңге.