«Мен, Надежда Дубовицкая Сербиядағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алдым. Бұл жеңісімді өз еліме, мені қолдаған және сенім артқан жандарға арнаймын. Алға, Қазақстан!»,-деді видео жолдауында.

Айта кету керек, Қазақстан Жеңіл атлетика тарихында биіктікке секіруден соңғы 10 жылда алғаш рет тұғырға қайта көтерілді. Надежда 1 метр 98 см нәтиже көрсетті. Осылайша, 8 елдің спортшысын басып озып, жабық алаңдағы Азия рекордын орнатты.