Қазіргі уақытта 31 ел атом электр станцияларын пайдаланады. 2022 жылғы ақпандағы жағдай бойынша әлемде жалпы қуаты шамамен 390 ГВт болатын 439 энергетикалық реактор бар, әлемнің 19 елінде 52 реактор салынып жатыр. Атом энергетикасы әлемдегі электр энергиясының жалпы генерациясының 10% - ын қамтиды.

Қазақстанның атом энергетикасын дамытуға әлеуеті бар.

Брифинг барысында Болат Ақшолақов Қазақстан табиғи уран өндіру көлемі бойынша әлемде бірінші орын алатынын, ядролық отын компоненттерінің өндірісі, сондай-ақ уранды изотопты байыту бойынша қызметтерге қол жеткізуге мүмкіндігі бар екенін атап өтті.

Өткен жылы Үлбі металлургия зауытының базасында Қытайдың атом электр станциялары үшін дайын ядролық отын шығаратын зауыт ашылды. Ядролық отынның белсенді өндірісі басталды.

АЭС салу мәселесін ҚР Энергетика министрлігі неғұрлым перспективті бағыттардың бірі ретінде қарастырады, мұны әлемдік тәжірибе де растап отыр.