Ол Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің деректерін келтіріп өтті. Оған сәйкес, барлық елдердің АЭС-нан электр энергиясын өндірудің 2050 жылға қарай 1,8 есе - 2021 жылғы 390 ГВт-тан 2050 жылы 715 ГВт-қа дейін өсуі болжанып отыр. 

«Қазақстан атом энергетикасын дамыту үшін жеткілікті әлеуетке ие. Қазақстан өндірілетін және нарыққа жеткізілетін табиғи уран көлемі бойынша бірінші орында. Бізде ядролық отын компоненттерін өндіру бар, сондай-ақ біздің елде уранды изотопты байыту бойынша қызметтерге қол жетімділік бар. Өткен жылы Үлбі металлургия зауытының базасында Қытайдың атом электр станциялары үшін дайын ядролық отын шығаратын зауыт ашылды. ҚР Энергетика министрлігі АЭС салу мәселесін әлемдік тәжірибемен расталатын неғұрлым перспективті бағыттардың бірі ретінде қарастыруда. Бұған дейін біз әртүрлі нұсқаларды қарастыруға болатындығын айтқан болатынбыз. Егер көмір генерациясын дамыта алмасақ, онда мүмкіндіктер азаяды. Бұл тұрақсыз энергетика сияқты резервпен қамтамасыз етілуі тиіс жаңартылатын энергия көздері. Екіншіден, газ – ол станцияларға арналған отын ғана емес, бұл өте құнды шикізат және біз елді газдандыру мәселелерін қатар шешуіміз қажет. Бізде газ қорының өсуі байқалмайды. Осыған байланысты энергетиканың тұрақты дамуы үшін біз болашақ генерация ретінде атом генерациясын дамытуға назар аударуымыз керек деп санаймыз. Сондықтан қазір бұл мәселелерді қарастырып, түрлі алаңдарда талқылап жатырмыз», - деп қорытындылады спикер.