Бүгінде 2022-2025 жылдары жалпы инвестиция көлемі 491 млрд теңгеден асатын 1 733 МВт-ты іске қосуға мүмкіндік беретін жобалар іске асырылуда. 

«Бұдан басқа, Екібастұз ГРЭС-2 №3 блогының құрылысы, сондай-ақ Алматы энергия кешенінің энергия көздерін жаңғырту бойынша жобалар іске асырылуда. . Ең «ыстық» нысан – ЖЭО-2 – ол көмірден газға ауыстырылады. 2022 жылы жиынтық қуаты 1 200 МВт-тан асатын маневрлік қуаттар жобалары бойынша аукциондық сауда-саттық өткізу жоспарлануда. Сонымен қатар, Ұлттық электр желісін жаңғырту, оның ішінде Батыс және Оңтүстік аймақтардың энергия жүйесін күшейту, Батыс аймақты бірыңғай электр энергетикасы жүйесіне қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде. осы жылдың басында біздің шектес мемлекеттердегі бірқатар энергия көздерінің ажыратылуына байланысты кездескен үлкен жүйелік апаттарды болдырмау үшін - Оңтүстік аймақты күшейту», - деп атап өтті спикер.  


Ол сондай-ақ ЖЭК әзірлеу бойынша жоспар асыра орындалғанын айтты. 3,5 млрд орнына 4,2 млрд. кВт/сағ өндірілді. Жиынтық қуаты 393 МВт ЖЭК 19 жобасы іске асырылды. Инвестиция сомасы шамамен 400 млн теңгені құрады. 2021 жылдың қорытындысы бойынша жиынтық қуаты 2010 МВт ЖЭК-тің іске қосылған 134 объектісі бар.