«Бірінші жоба 2019 жылы Қарағанды қаласындағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің қолдауымен басталды. Жобаның мақсаты басқа мемлекеттік органдар мен жұртшылықтың мамандары мен сарапшыларының қатысуымен пилоттық аумақтың проблемаларына терең талдау жүргізу болып табылады. Ол үшін Қарағанды облысы әкімдігінің жанынан қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық топ құрылды. Оның құрамына әкімдік, өңірлік денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, Жастар ісі жөніндегі органдар, прокуратура, полиция, Қарағанды ІІМ Академиясы және жергілікті жұртшылық өкілдері кірді. Бұл жоба қауіпсіздікті қамтамасыз ету проблемаларының жергілікті маңызы зор екенін және оларды жергілікті қоғамдастықпен бірлесіп шешу керектігін айқын көрсетті. Бейнекамераларды орнату, патрульдеу бағыттары мен уақытын түзету, қоғамдық көлік қозғалысының бағыттарын ұлғайту немесе өзгерту қажет болатын жерлер бірден белгілі болды. Жұмыссыздыққа ерекше назар аударылады, өйткені сауалнамаға қатысқан сотталғандардың басым көпшілігі тұрақты табыс көзі болса, заңды бұзбайтындықтарын айтты. Қазіргі уақытта оң нәтижелерді ескере отырып, ұқсас жобалар еліміздің барлық өңірлерінде іске қосылды, ведомствоаралық топтар құрылды, талдамалық жұмыс әдістемесіне оқыту жүргізілді. Қарағанды облысында бұл жоба аудандар мен спутник қалаларға тарайды», - деді полковник.