«Яғни, ол экономикалық және саяси қайта құрулар қатар жүретін формуланы ұсынады. Өйткені, егер сен қандай да бір экономикалық реформалар жасасаң, ал сенің жүйең үлгермей жатса, ол іштей және әлем бойынша бәсекеге қабілетті емес болса, сенің барлық саяси реформаларың жүзеге аспайды, әуелден күткен нәтижеге қол жеткізбейсің. Сондықтан, азаматқа экономикалық және саяси тұрғыдан қалыптасуға болатын екінші республикада Президент тең ойын ережелері бар бәсекеге қабілетті қоғамның болуын ұсынады. Біз креативті экономика, креативті индустрия тұрғысынан алғанда, біздің қазақ жастары әлемде алдыңғы қатарда деп жиі айтамыз. Мысалы, Imanbek және басқалары нарықтарды жаулап алып, жұлдызға айналуда. Бірақ белгісіз бір себептермен біз оларды елімізде естімейміз, көрмейміз. Ал бұл соның нәтижесінде құрылатын жаңа бәсекеге қабілетті қоғам, ол адал, тең ойын жағдайлары, өзін дәлелдеуге тең мүмкіндіктер болған кезде, ешқайда кетпей, керісінше, осында қалатын талантты адамдарға мүмкіндік береді, ал кеткендер қайтып оралып, осында бүкіл әлем үшін құра алады, таратады, насихаттай алады. Сондықтан, менің ойымша, жастар үшін бұл өз елінен кетпей, әділ қоғамда өз талантын көрсетуге, дамуға, жеке, қаржылық табысқа қол жеткізуге үлкен мүмкіндік деп ойлаймын. Меніңше, Жаңа Қазақстан - Екінші республика жастар үшін болашақта дамудың іргетасы болады», - деп түйіндеді спикер.