«Осы ретте кәсіпкер азаматтарды қасиетті айдың құрметі үшін халқымыздың тұрмыс жағдайын ескеріп, әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен азық-түлік бағасын мүмкіндігінше 10%-ға дейін төмендетіп, жеңілдік жасауға шақырамын. Діни басқарманың негізгі жұмыс бағыттарының бірі – қайырымдылық. Діни басқарма жанындағы «Зекет және қайырымдылық» қоры қасиетті айда «Шарапатты Рамазан», «Рамазан қоржыны», «Рамазаннан тәберік» сынды ауқымды республикалық қайырымдылық іс-шаралар ұйымдастырады. Осы ретте еліміздегі барша мұсылман жамағатын қайырымдылық акцияларына белсенді түрде үлес қосуға шақырамын», - деді еліміздің бас мүфтиі. 


Сондай-ақ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Рамазан айында жарапазан жырын жатқа айтушылар арасында арнайы сайыстар ұйымдастыруды жоспарлап отыр.