Оның айтуынша, отын-энергетика кешені, көлік және байланыс нарықтарын таңдау олардың жалпы ішкі өнімге қосқан үлесіне, бағаның өзгеруіне және нарық қатысушыларының шағымдарына негізделген. 


«Барлық базалық тауар нарықтарында жоғары шоғырлану байқалады. Мұнай өнімдері, табиғи газ, электр энергиясы, көлік және байланыс нарықтарына негізгі қатысушылардың үлесі 70%-дан асады. Осылайша, тауар нарықтарының монополиялық құрылымы қалыптасты. Гарвард мектебі өкілдерінің айтуынша, саланың жұмыс істеу нәтижесі сатушылар мен сатып алушылардың әрекеттеріне байланысты. Олардың әрекеті саланың құрылымымен анықталады. Сондықтан нарықтар жетілмеген. Оларды түзету үшін мемлекеттің араласуы қажет. Жеке кәсіпкерлікті реттеуден бастап кәсіпорындарды иеленуге дейін», - деді спикер.