«Бұл инвестициялар тарту және туындаған тапшылық жағдайында газ өндіру көлемін ұлғайту үшін қажет. Тауарлық газды сатып алуға және оны ішкі нарыққа өткізуге «QazaqGaz» айрықша құқығын жою. Оның «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ атынан тауарлық газды бөлшек саудада өткізу нарығынан кетуі. Осылайша, тәуелсіз бөлшек газ жеткізушілеріне тауарлық газды магистральдық және тарату желілері арқылы тікелей сатудың бұрын қолданыста болған тетігі ұсынылады. Бұл баға белгілеуден ұлттық оператордың, газды бірыңғай сатып алушының жоғарыда аталған монополиялық шығындарын алып тастауға, оның бәсекелес аралас тауар нарықтарына – құрылыс-монтаждау жұмыстарына, биллингке, көлікке теріс әсерін жоюға мүмкіндік береді. Ұлттық оператордың экспорттық кірістерінен ішкі нарықты субсидиялау тоқтатылғаннан кейін 2025 жылға қарай осы тауар нарығын монополиясыздандыруды аяқтау ұсынылады», - деп атап өтті спикер.