Оның айтуынша, жалпы статистикалық зерттеулер және PISA-2018 зерттеуінің, сондай-ақ Ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижелері бұл өңірлерде білім сапасының да төмен екендігін көрсетті. Сондықтан осы индикаторға корреляция жасалып, арнайы жоба әзірленді.  

«Жоба мамыр-маусым айларында іске асырылады. Қазіргі таңда әрбір осы 4 аймақта үйестіру кеңестері мен БҒМ жанынан комиссия құрамы құрылды. Оған Ұлттық академия, «Өрлеу» біліктілік орталығының және Назарбаев зияткерлік мектептері орталықтарының қызметкерлері енді. Бүгінде осы өңірлерде жұмыс істеуге ниетті мұғалімдерден өтініштер келіп түсіп жатыр. Оларға бінеше талап қойылады - ең бастысы, жоғарғы педагогикалық білім немесе кәсіби жоғағы білімнің болуы. Екіншіден, олар конкурсқа қатысып, тесттен өтуге міндетті, содан кейін эссе жазады және конкурсқа қатысқан адамдармен диалог ретінде сұхбат өткізіледі. Бұл кезеңдерден сүрінбей өткен адамдар осы 4 өңірге жіберіледі. Өңірлерге барып жұмыс істейтін мұғалімдерді ынталандыру үшін олардың еңбекақылары 2 есе өседі, коммуналдық төлемдер мен баспана жалдау ақысы өтеледі. Сонымен қатар, конкурстан өткен мұғалімдер үшін алдын ала 4 апталық қайта даярлау курстары өткізіледі. Олармен тұрақты байланыс орнатылып, шеберлік сыныптары, вебинарлар онлайн-оффлайн форматта ұйымдастырылып тұрады», - деді спикер.