«Интернетте тараған үсіп қалғандар, қайтыс болғандар туралы фейк ақпараттар шындыққа жанаспайды деп айтқым келеді. Қар құрсауында және кептеліс салдарынан бірде-бір адам зардап шеккен жоқ. Жолдарда уақытша орналастыру пункттеріне көшіру, орналастыру бойынша көмек уақытылы көрсетілді. Тек осы жол учаскелеріндегі апатты жағдайға байланысты жол-көлік оқиғасы салдарынан қаза тапқандар болды. Жалпы, мереке және соңғы күндері өткізу пункттерінде 1200-ден астам автокөлік тұрып қалды, 1000-нан астам адамды біз әртүрлі көлік құралдарынан эвакуацияладық, соның ішінде жылыту пункттеріне жеткіздік, психологиялық көмек те, жергілікті атқарушы органдардан тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша да уақтылы көмек көрсетілді. ТЖМ бөлімшелері мен аумақтық бөлімшелерде тікелей орналастырылған штабтардың телефондарына 230-дан астам қоңырау келіп түсті. 7000-нан астам түрлі ақпараттық - анықтамалық хабарламалар келіп түсті, оларды 112 қызметі де қабылдады», - деп сендірді спикер.