Комиссия төрағасы Игорь Рогов Мемлекет басшысының Жарлығымен жаңадан тағайындалған комиссия мүшелерін таныстырды.   
Оның айтуынша, құқық қорғау жүйесінің алдына екі бірдей күрделі міндет қойылды. 

«Құқық қорғау» атауының өзі - адамдардың, еліміздің барлық азаматтарының және Қазақстан аумағында болатындардың құқықтарын қорғау, олардың заңды құқықтары мен мүдделері қорғалуы тиіс. Бір жағынан мемлекеттің, қоғамның, кәсіпкерлердің, ұйымдардың мүдделері, екінші жағынан қылмыстық-құқықтық немесе әкімшілік ықпалға ұшырағандар да біздің заңмен қорғалуы керек.  Конституцияның 17-бабының 2-тармағында ешкімді азаптауға, оларға қатыгездікпен қарауға, жазалауға болмайды деп айтылған. Осы екі маңызды міндетті қатар атқару оңай шаруа емес», - деп атап өтті комиссия басшысы Рогов.