Орталық коммуникациялар қызметінде өткен таныстырылым барысында ол креативті экономика - әлемдегі ең жылдам дамып келе жатқан секторлардың бірі екенін атап өтті.  

«Негізінде мәдениет, бизнес, өнер, саясат, дизайн қиылысатын тапқыр және бірегей идеяларды материалдандыру жатыр. 13-тен астам түрі. ЮНЕСКО-ның бағалауы бойынша креативті индустрияларды капиталдандыру 2,3 трлн долларға жетеді. Әлемде 30 миллионнан астам адам креативті индустрия салаларында жұмыс істейді. 2015 жылы Канада университеті зерттеу жүргізді. Онда Орталық Азия өңірінің 5 елі де таныстырылды. Қазақстан креативті индустрия бойынша 84-орында. Мемлекеттің экономиканың креативті секторына назар аударғаны және өткен жылы оны дамыту жөніндегі тұжырымдама қабылданғаны қуантады. Ол табысты іске асырылады деп үміттенемін», - деп атап өтті спикер. 


Креативті индустрияны қолдау қоры – жеке меншікті қор. Қызметі әлемдегі креативті экономиканы қолдауға бағытталған қазақстандық бизнесмендердің ғана емес, халықаралық ұйымдардың да инвестициялары тартылатын болады. Қордың негізгі мақсаты - тұрақты жұмыс істейтін алаң құру, онда олар шоғырланып, өз идеяларын пысықтай алады.