«SCAT» - бұл қазақстандық компания, біз Қазақстан бойынша ұшуларды жүзеге асырамыз, сондай-ақ таяу және қиыр шетелдерге қатынаймыз. Отандық әуе компаниялар да бар, менің ойымша, олар да осы жобаға қосылады. Біз түрлі елдерге ұшу арқылы елдің имиджін көтереміз, жолаушыларымыз басқа елдердің мәдениетімен, дәстүрлерімен танысады. Бұл жоба туралы естігенде, әрине, көмек, қолдау көрсеткіміз келді. Бұл жобаға қатысатын барлық халықтарға пайдалы болады деп ойлаймын. Біз оларды да қолдаймыз, ал жобаға сәттілік тілейміз. Бұл орамалдарды одан әрі жеткізу үшін барлық бағыттарымыз бойынша жәрдемдесетін боламыз», - деді спикер.