«Біріншісі – Аналар кеңесі, 2014 жылдан бастап қызмет етіп келеді. Қазіргі кезде ел бойынша 13 мыңнан астам ананы қамтитын осындай 1832 кеңес бар. Аналар кеңесінің мүшелері қайырымдылық шараларына өскелең ұрпақты тәрбиелеуге, әлеуметтік маңызды жобалар мен іс-шараларға белсенді қатысады. Былтыр осындай 6 мыңға жуық іс-шара өтіп, оларға 100 мыңнан астам адам қатысты. Жалпы алғанда, ассамблеяның қоғамдық құрылымына мемлекет басшысы жоғары баға берді. Өткен жылы Ассамблеяның кеңейтілген отырысында Президент «Мәдениетті ана - мәдениетті ұлт» жобасын іске асыруды тапсырды. 29 наурызда республикалық Аналар кеңесінің отырысы өтіп, осы жоба таныстырылды», - деді спикер.  


Ғалымжан Құсманғали жобаны жүзеге асыру еліміздің қоғамдық саяси өміріне әйелдер қоғамын белсенді тартуға ықпал ететініне сенімін білдірді.