«Қазіргі уақытта Президенттің өткен жылғы 21 қазандағы Ассамблея кеңесінің отырысында берген тапсырмасын орындау аясында кәсіби тренерлердің қатысуымен этномедиатор - келіссөз жүргізушілерді даярлау оқу бағдарламасы әзірленді. Аталған жоба 1 ай бұрын, 28 ақпаннан 4 наурызға дейін Жамбыл облысында пилоттық режимде іске асырылды. Оған ауылдық округтердің әкімдері, учаскелік инспекторлар, тәрбие жұмысы бойынша меңгерушілер және қоғамдық медиаторлар, барлығы 36 тыңдаушы қатысты. Оларға жанжалға әкелетін әртүрлі жағдайларды тиімді шешу үшін психология мен медиация әдістерін қолданудың теориялық білімдері мен практикалық дағдылары таныстырылды», - деді «Қоғамдық келісім» РММ директоры.