«Әлеуметтік желілерде қамауда отырғандарға қатысты тергеудің рұқсат етілмеген әдістерін қолдану жалғасуда екендігі туралы посттар жариялануда. Аталған адамдарға қатысты ешқандай зорлық-зомбылықтың қолданылмай жатқандығын айтамыз. Бұл ретте бұрын қолданылған бұлтартпау шараларын жеңілдету жөніндегі жұмыс жалғасуда. Прокурорлар ұсталған және күдікті адамдардың туыстарымен кездесулер өткізеді, олардың дәлелдерін мұқият тексереді және осыны ескере отырып, бұлтартпау шараларын өзгерту туралы шешімдер қабылдайды. Жеке басын, денсаулық жағдайын және басқа да сипаттайтын жағдайларды ескере отырып, 275 адамға қамауда ұстау бұлтартпау шарасы ешқайда кетпеу туралы қолхатқа, кепілге, үйқамаққа алуға және жеке кепілгерлікке ауыстырылды. Бүгінгі күні барлық қылмыстық істер бойынша 733 адам қамауда отыр. Санитарлық норма, тамақтану, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және басқаларды қоса алғанда оларға тиісті жағдай қамтамасыз етілуде. Қылмыстық процесте азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтау – прокуратура органдары қызметіндегі мінсіз басымды бағыттардың бірі. Күдіктілерге қандай да бір қысымның қолданылуын болдырмау мақсатында, прокурорлар күнделікті тергеу изоляторлары мен басқа да қызметтік ғимараттарды тексеруде», - деді спикер.
Сондай-ақ, ол жалған ақпаратты тарату үшін қылмыстық жауапкершілік бар екенін ескертті. Қазіргі уақытта осындай фактілер бойынша 11 қылмыстық іс тергелуде.
Прокуратура және құқық қорғау органдары қылмыстардың толық тергелуін, заң нормаларының сақталуын қамтамасыз етуде.