Мысалы, Алматы қаласында «Оружейник» дүкенінен қару ұрлауда күдікті тағы бір адам ұсталды, ол ұрланған қаруды Түрксіб ауданындағы қараусыз қалған ғимаратта сақтаған. 

«Ұсталған адамнан шолақ карабин және тегіс ұңғылы мылтық алынды. Шынында да, қылмыстық элементтер заңсыз айналымға түскен қаруды кез келген сәтте бейбіт азаматтарға қарсы пайдалана алады. Осыған байланысты, қаруды өз еркімен тапсыру және күдікті адамдар, атыс және суық қаруды заңсыз сақтау және сату туралы қандай да бір ақпаратты ұсыну қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі таңда азаматтар өз еркімен қарудың 120 бірлігін тапсырды. Бұл ретте, олардың ешқайсысы қандай да бір жауапкершілікке тартылған жоқ», - деді спикер.