Шетелге әкетуді болдырмау және ішкі қайта өңдеуді жолға қою үшін жаңа мыс балқыту зауытының құрылысы жоспарланған.  


«Қазір инвесторлармен де жұмыс істеп жатырмыз. Егер осы жобаны іске асыруға қатысуға ниет білдірушілер болса, бұл құны 1 млрд АҚШ долларынан асатын айтарлықтай ірі жобалар. Сондықтан біз үшін олар өте маңызды. Неге? Ел ішінде өңдеп қана қоймай, келесі өнім, келесі шикізат дайын өнімді жасап шығаруға мүмкіндік береді, ал бұл шағын және орта бизнес үшін ондаған, жүздеген кәсіпорын құруға мүмкіндік береді. Біз қазір экспорттап отырған мыс концентраты елге 1,4 млрд доллар әкелсе, ал катодты мыстың одан әрі өңдеусіз экспорты - 3 млрд доллар, яғни құны 2 есеге артады. Мыс саласы бойынша – қазіргі кезде 7 мың тонна өңделеді және 474 мың тонна резерв бар. Бүгінде 2024-2025 жылдары аяқталатын бірнеше зауыт салынуда. Бұл электр сымдары, қақпақтар мен сымдар, мыс құбырлар және т.б. өнімдер. Бұл жерде де өндіруші компаниямен уағдаластыққа қол жеткізілді, осы өңдеу зауыттарын салған жағдайда, олар өз өнімдеріне Лондон биржасында минус 3% жеңілдік береді. Сондықтан осындай бірнеше зауытты іске асыру бізге экспортты 200 млн АҚШ долларына ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұл жерде ШОБ дамыту үшін үлкен әлеуетіміз бар деп ойлаймын. Бизнес оның шикізаты бар екенін көреді, біз инженерлік коммуникацияларды, жер беруге және қолжетімді қаржыландыруды қамтамасыз етуге дайынбыз, біздің кәсіпкерлер үшін өсу мүмкіндігі бар», - деп атап өтті министр.