«Егер біреу қорғасынмен дайын өніммен жұмыс істеуге және одан әрі дайын өнім түрінде қайта өңдеуге ниет білдірсе, біз Қазмырышпен де сөйлесуге дайынбыз, қажетті ресурстарды қамтамасыз етуге дайынбыз. Сирек кездесетін металдар бойынша - бұл еліміз үшін ең перспективалы бағыттардың бірі. Мұнда технологиялық жағынан күрделі өнімдер - жоғары сапалы аммоний перренаты және ванадий пентаоксиді шығаратын зауыттар салуды жоспарлап отырмыз, бұл 133,5 млн АҚШ доллары. Оған да кәсіпкерлерімізді шақырамын. Сирек металдардың өндірісі технологиялық тұрғыдан күрделі іс-шара екені түсінікті, сондықтан осы салада құзыреті бар және өз мүмкіндіктерін іске асыратын халықаралық ірі ұйымдарды тартуға боалды», - деп атап өтті спикер.