«Биыл республикалық бюджет есебінен мемлекеттік тапсырыс 45 мың орынға артады. Сонымен қатар, әкімдіктер мемлекеттік тапсырысты 80 мың орынға жоспарлап отыр. Жалпы колледждерде тегін білім алуға 125 мың орын беріледі. Мемлекет басшысының мемлекеттік тапсырысты техникалық мамандықтарға қайта бағдарлау туралы тапсырмасы бар, осыған орай, 2025 жылға дейін мемлекеттік тапсырыстың 70% техникалық мамандықтарға беріледі. Қазіргі уақытта олар 45% құрайды. Атап айтқанда, металлургия, ІТ, құрылыс, инженерия, машина жасау мамандықтары. Бүгінгі таңда облыстарда комиссиялар өңірлік еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтардың тізбесін жасақтауда, сондай-ақ, осы мамандықтар бойынша орын сандарын бекітеді», - деді БҒМ өкілі.  


30 сәуірден бастап білім басқармалары мемлекеттік тапсырыс бөлінген мамандықтар туралы ақпаратты ресми сайттарында орналастырылады.