Оның айтуынша, кәсіпорын колледжбен мақсатты дайындық туралы шарт жасасады.

 «Бұл ретте өз базасында практиканы ұйымдастыру және түлектерді одан әрі жұмысқа орналастыру бойынша міндеттемелерді өзіне алады. Колледж бен кәсіпорын арасындағы осындай тандемнің арқасында жұмыс берушінің талаптарына сәйкес білім беру бағдарламалары жаңартылады, дуальды оқыту ұйымдастырылады, педагогтар серіктес кәсіпорынның базасында тағылымдамадан өте алады, кәсіпорын қорытынды емтихан қабылдайды, студенттер оқудың барлық процесінде кәсіпорында практикалық оқудан өтіп, бітіргеннен кейін жұмысқа орналасады. Бұл Тапсырыс берушінің (кәсіпорынның), сондай-ақ Орындаушының (колледждің) ортақ жауапкершілігін арттырады. Осы жылдың өзінде кәсіпорындардың мақсатты тапсырысы бойынша 10 мыңнан астам талапкерді қамту жоспарланған», - деп атап өтті спикер. 


Электрондық үкімет порталы арқылы және тікелей колледжде құжаттарды қабылдау 20 маусымда басталады. Әр талапкердің 4 мамандық пен 4 колледжді таңдауға мүмкіндігі бар. Педагогикалық мамандықтарға түсу үшін 4 баллға дейін шекті балды енгізу және эссе жазу қабылдаудағы жаңашылдық болып табылады.