«Бүгінде колледждер жұмыс берушілермен бірлесіп, білім беру бағдарламаларының мазмұнын, оқу мерзімдерін дербес айқындайды, яғни мамандарды даярлау еңбек нарығының талаптарына сәйкес келетін болады. Сонымен қатар, білім беру бағдарламаларының тізілімі жасалды. Оған сараптамадан өткен, сапалы бағдарламалар ғана енеді. Биыл 4 мыңнан астам бағдарлама сараптамадан өтеді», - деді ҚР БҒМ Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Насымжан Оспанова Орталық коммуникациялар қызметі алаңында.