Егіс науқанын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы құрылымдарында 144 мыңнан астам трактор, 4,7 мың бірлік өнімділігі жоғары егіс кешендері, 77 мың тұқым сепкіш, 221 мың топырақ өңдеу құралдары бар. 

«Бір мезгілде бірнеше технологиялық операцияларды орындайтын қазіргі заманғы егіс кешендерін пайдалану дәнді дақылдар алаңдарының 70% себуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Аталған техниканың дайындығы ағымдағы күнге шамамен 98% құрайды, жаппай егіс жұмыстарын жүргізу басталғанға дейін дайындық 100% қамтамасыз етіледі. Биыл егіс жұмыстарын жүргізуге ақпан – маусым кезеңіне 400 мың тонна көлемінде дизель отыны бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 20 мың тоннаға артық. Жеткізу, сақтау және сату бойынша облыс операторларының шығыстарын ескере отырып, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін орташа баға 200 теңге/литрді құрайды (АЖҚС-та баға 230-дан 260 теңге/литрге дейін), бұл орташа алғанда 15% арзан. Қазіргі уақытта бекітілген кестеге сәйкес аграршыларға отын жөнелтуді жүзеге асыруда», - деді министр.