Оның сөзінше, 181,8 мың га алқапта дайындық жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, 115 мың га алқаптағы жаздық мақсаттағы дақылдардың 24,2 мың га көп жылдық шөппен және 11,9 мың га көкөніс дақылдарымен, 3,9 мың га алқапта майлы дақылдар және 1,8 мың га картоп, 208 га қант қызылшасы, 2500 мың бақша себілді.  

«Көктемгі дала жұмыстарына қажетті 77,4 мың тонна тұқым көлемі толығымен  дайындалып, себу жұмыстары жүргізілуде. Облыс бойынша 2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, барлығы 12 316 дана ауыл шаруашылығы техникасы тіркелген. Көктемгі дала жұмыстарына жалпы 7317 дана ауыл шаруашылығы техникасы 100% қатысуға дайын. Ағымдағы жылғы көктемгі дала жұмыстарына ақпан-мамыр айларына жалпы 10920 тонна кепілдендірілген дизель отыны бөлінді. Облыс бойынша 14 тауар таратушы оператор анықталып, шаруашылықтарға арзандатылған түрде тауар тарату бағасы 194-208 теңге аралығында бекітілді. Сондай-ақ, облыс бойынша 2022 жылы жалпы 51,2 мың тонна тыңайтқыш алу жоспарланған, бүгінгі күні 6,4 мың тоннаға келісімшарт жасалып, оның 5,3 мың тоннасы шаруашылықтарға жөнелтілді», - деді спикер. 


Бүгінде өңірде 57 шаруашылық тарапынан түскен өтінімге сәйкес Аграрлық несие корпорациясымен көктемгі дала жұмыстарына берілетін несие көлемі 549,8 млн теңгені құрады. Сонымен қатар, облыста суды тиімді пайдалану және суармалы судың ысырабын азайту мақсатында су үнемдеу технологиялары егіс алқабының 30 мың гектарына ендірілді. Биыл бұл көрсеткішті 50 мың га жеткізу жоспарланып отыр. Одан бөлек, 4,5 млрд теңгеге 2,6 мың га алқапқа 50 жаңбырлатқыш қондырғысы орнатылатын болады.