Әңгімелесу барысында екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың даму перспективаларына ерекше назар аударылды.

Тараптар саяси диалог пен экономикалық байланыстарды одан әрі кеңейтуге ниетті екенін нақтылады. Атап айтқанда, бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға мүдделілік танытатыны жөнінде айтылды.  

Әңгімелесу соңында Қазақстан Президенті Абу-Дабидің Тақ мұрагерін биыл елімізге ресми сапармен келуге шақырды.