«Еуропалық негіздемелік бағдарламалар ең озық практикаларды адамдардың психикалық денсаулығын ілгерлету мәселелерін көздейді. Сонымен қатар Еуропалық одақ алаңында адамдардың психикалық денсаулығы және ковидтік толқудың адамдардың психикалық жай-күйіне қаншалықты ықпал ететіні, суицидтің алдын алу бойынша ең озық практиканы қарастыру бойынша тәжірибе алмасу ұйымдастырады, осыған қатысты әртүрлі бастамалар бар. Мысалы, австриялық бағдарлама. Ол ең озық бағдарлама болып есептеледі. Бүгінгі іс шарада суицид, өзіне-өзі қол жұмсау мәселелері туралы БАҚ-та қаншалықты жауапты жарияланып жатқанын қарастырамыз. Сондай-ақ COVID-19-дан кейін адамдардың психологиялық және т.б. күйін жақсарту бойынша іс-шаралар жүргізуді және оны кең тұрғыда іске асыруды көздеп отырмыз. Бұл осы бағдарламаны Қазақстанда және Орталық Азияда іске асуының жаңа кезеңі болады. Бұдан бөлек, есірткіге тәуелді адамдарға қатысты өңірлік бағдарлама, медициналық бағдарлама бар. Өзіндік жазалау емес, денсалық сақтау тұрғысынан, сол адамдарды емдеу, психикаға белсенді әсер ететін заттарға тәуелділігі бар адамдарды емдеу. Өйткені олардың арасында суицид көп болатындығы түсінікті, олардың алдын алып, болдырмау керек. Сондықтан да оны белгілі бір денсаулық сақтаудың мәселесі ретінде қарау маңызды», - деді спикер.
Мачей Адам Мадалинский Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен бірлесіп әлеуметтік бағдарлама іске қосылғанын атап өтті. Бұл Қазақстандағы жасөспірімдердің COVID-19-дан кейінгі психикалық және жалпы денсаулық жағдайын жақсарту бойынша іс шаралар.