«Министрлік тарапынан, жалпы, қандай да болмасын ауыл шаруашылық дақылына немесе тауарына мониторинг апта сайын жүргізіледі. Наурыз айының басына дейінгі немесе кейінгі жағдайға талдау жасалып, мониторинг жүргізілді. Астық өндірушілер одағы осы жағдай туралы бірнеше рет айтты. Бірнеше облыста, соның ішінде Ресеймен шекаралас өңірлердің астық өңдеу кәсіпорындары қазіргі кезде жұмыстарын уақытша тоқтатты. Бүгінде ішкі нарықта бидайдың қажетті көлемі бар. Бірақ бидай бағасы - бұл енді ғана туындаған мәселе. Шаруалардың көктемгі дала жұмыстарына деген шығыстарын ескере отырып ұсынатын оңтайлы бағасы бар. Бұл баға ұн тартушылар тарапынан наразылық тудырып, екі арада белгілі бір келісім болмай тұр. Сондықтан қазіргі жағдайда уақытша тоқтап тұрған ұн тарту кәсіпорындарының негізгі себебі осы. Жалпы ішкі нарықта бидай бар, бірақ ұн тарту кәсіпорындарынан берілетін баға мен шаруалар тарапынан ұсынылған бағаның арасында үлкен арақатынас бар. Бұл мәселені біз ішкі нарыққа арзандатылған бидай жіберу арқылы шешеміз», - деді АШМ өкілі.