Мысалы, Алматы қаласында ағымдағы жылғы 25 наурызда «Ш» есімді азамат қамауға алынды, ол «қайғылы қаңтар» кезінде «АННА» қару дүкенінен винтовканы жымқырып, әуежайға, Полиция департаментіне және Алматы қаласы Алмалы ауданының Полиция басқармасына шабуыл жасады.  


«Құқық қорғау органдары «Н» есімді азаматты анықтады. Ол ағымдағы жылғы 5 қаңтарда адамдар тобымен «Казаэронавигация» ғимаратын басып алды және Алматы қаласы әуежайының ұшу-қону жолағының жарықтандыруын өшірді. Арнайы прокурорлармен ағымдағы жылғы 4 сәуірде Алматы қаласы әкімдігінің алдында жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырғаны үшін Алматы облысының 10 тұрғыны ұсталды. Шымкент қаласында жаппай тәртіпсіздіктерді қаржыландыру және 5 қаңтарда қала әкімдігі мен Полиция департаментіне шабуыл жасау кезінде қолданылған арматураны, тастарды және «Молотов коктейльдерін» жеткізуді ұйымдастыру күдігі бойынша «С» есімді азамат ұсталдый», - деді спикер.  


Сондай-ақ, Шымкент қаласы алаңында жаппай тәртіпсіздіктердің 52 қатысушысы анықталды, бейне жазбалар арқылы 12-і арандатушыны анықтауға қол жеткізілді. 
Жамбыл облысында ағымдағы жылғы 18-і мен 31-ші наурыз аралығында 5 ұйымдастырушы, 11 арандатушы және жаппай тәртіпсіздіктердің 140 белсенді қатысушысы анықталды. Бұл өңірдің ұйымдасқан қылмыстық топтың екі лидері қамауға алынды.