Полиция органдарының жұмысы бірінші кезекте зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетуге бағытталған. Басымдық - оларға келтірілген материалдық залалды өндіріп алуды қамтамасыз ету. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ІІМ тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов хабарлады. 


Оның айтуынша, полиция органдары құны 340 млн теңгеден астам сомаға бағаланатын азаматтарымыздың ұрланған мүлкін анықтап, алып қойды.